Қоғамдағы сенімді нығайтуға ықпал етеді
Жалпыұлттық референдум қарсаңында өңірде жаңа Ата Заң жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Осы орайда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы өңірлік филиалының мүшелері медицина саласының өкілдерімен жүздесті.
Кездесу «Мейірім» медициналық орталығында өтіп, жиынға коалиция мүшелері Исламбек Дастан мен Ұлбике Алтынбек қатысты . Басқосу барысында спикерлер жаңа Конституция жобасында ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттарын түсіндіріп, оның қоғам мен мемлекет өміріндегі маңызына тоқталды. Жиын барысында Конституция жобасының негізгі қағидаттары таныстырылып, онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ елдің әлеуметтікэкономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған нормалар кеңінен сөз болды. Сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілік қағидаларына ерекше мән берілгені атап өтілді. Коалиция мүшесі Исламбек Дастанның айтуынша , ж а ң а Конституция жобасы қоғамның сұранысына сай әзірленген маңызды құжат.
Ал Ұлбике Алтынбек өз сөзінде референдумның ел өміріндегі тарихи маңызын атап өтті.
Кездесу барысында медициналық орталық қызметкерлері ұсынылып отырған өзгерістерге қатысты өз сауалдарын қойып, ой-пікірлерін білдірді. Спикерлер тарапынан барлық сұрақтарға жауап беріліп, алдағы референдумның маңызы кеңінен түсіндірілді.
Есен ӨТЕУЛІ