Аймақ

Аттракциондар алыстан шақырады

Тұрар Рысқұлов саябағы – Тараз қаласындағы ең көрікті демалыс орындарының бірі. Саябақтың тарихы 100 жылдан асып жығылады. Төрт көшенің қиылысында орналасқан саябақ туралы 1900 жылы «Үлкен Ресей энциклопедиясында»: «Әулиеатада әскери элита өкілдері үшін арнайы бақ ашылды» деп жазылған екен. 1948 жылы бақ мәдениет және демалыс саябағы болып қайта ашылады. Саябақ соғыстан кейінгі жылдары көркейіп, дами бастаған. 1990 жылдардың соңынан бастап саябаққа белгілі кәсіпкер Асан Қошмамбетов иелік етіп келеді. 1997 жылы қалалық саябаққа Тұрар Рысқұловтың есімі берілді.