Заманауи өнердегі жаңашылдық
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Заманауи өнердегі жаңашылдық: шеберлік сыныптары негізінде шығармашылық көкжиектерді кеңейту» тақырыбында облыстық Best Practices іс-шарасы өтті.
Best Practices бағдарламасы барысында шығармашылық мамандықтар саласындағы үздік тәжірибелер, шеберлік сыныптары және кәсіби бағыттағы өзекті мәселелер ұсынылады. Практикалық шеберлік сыныптары 6 аймаққа бөлінді. Әр аймақтың өз атауы мен ұйымдастырған шеберлік сыныптары болды.
Бірінші аймақ сурет пен қолөнерді насихаттап, дәстүр мен жаңашылдықты көрсетті.
Екінші аймақ керамика мен гипстың шығармашылық мүмкіндіктерін, қолөнершілердің шеберлік сыныптарын паш етті. Үшінші аймақ қолөнердегі жүннің мүмкіндіктері мен идеядан дайын бұйымға дейінгі шеберліктерін көрсетті. Ал келесісі құрақ құрап, ұлттық қолөнердің негізін, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарын көрсетумен жалғасты.
Облыстық Best Practices жас ұрпақтың еңбек нарығына дайындық деңгейін арттыруға, кәсіби дағдыларын дамытуға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал ететін маңызды тәжірибелік алаң болды. Іс-шараға білім беру ұйымдарының өкілдері, студенттер, кәсіпкерлер, үздік тәжірибелі с ала мамандары мен сарапшылар қатысты.
Университеттегі шығармашылық мамандықтарда оқитын студенттер бұл шарадан тәжірибе алып, бір жағы қандай жұмыстармен қамтылуға болатынын ұқты.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА