Ажырасу дерегі тіркелмеген ауыл
Ақкөл ауылы тоғыз жолдың торабында орналасқан елді мекен. Кезінде екі мәрте ауданның әкімшілік орталығы саналды. Алайда соңғы жылдардағы өзгерістен кейін ауыл мәртебесінде қалды.
Соған қарамастан, аудандық мекемелер көшіп кетіп, халқының саны азайса да ақкөлдіктер көштерінен еш жаңылған емес. Соңғы жылдары жаңа әлеуметтік, мәдени спорт нысандары салынып, халық игілігіне берілді. Жеке кәсіппен айналысушылар да шығуда. Көшелер тегіс асфальтталып, жарықт андырылды. Ма л өсіріп, шаруасын дөңгелетіп отырғандар да жетерлік.
Ақкөл су шаруашылығы бөлімшесінің бастығы Әбіләмит Ахметов ауылдың дәл іргесінде Ақкөл көлі бар. Бүгінге дейін оған 40 миллион текше метрге дейін су жиналды. Өткен жылдары 60-70 миллион текше метр суды жинадық. Биыл да су көлемі сол шамалас болады деп отырмыз. Жалпы ауыл тұрғындары, шаруа қожалықтары 7-8 миллион текше метр суды қажетіне жаратады. Әр аулаға және жоңышқа, қауын-қарбыз егеміз дейтіндерге су жетеді. Ауылдың ортасындағы Жаңа канал суы қысы-жазы тартылған емес.
Ауылдың әлеуметтік, экономикалық салаларының дамуына ауыл ардагерлері сүбелі үлес қосып келеді. Тиісті атқарушы билік өкілдеріне ауыл ақсақалдары өтініш айтып жүріп, ауыз су мәселесін, тұрғын үйлерді газдандыруды шешіп алды. Қай үйге бас сұқсаңыз да тұрғындардың қалалықтардан кем тұрмайтыны көзге ұрып тұр. Тіпті бір кездері жылы жай соғып ауыл халқын қызанақпен қамтамасыз еткен кәсіпкерлерде болды. Арпабидайды жемге айналдырып, тартып сату жұмысы да жолға қойылған. Өткен жылы ауылдық емхана салынып, халық игілігіне ұсынылды. Ұйымшылдықтың арқасында халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, тұрмыстары түзелуде.
Соңғы жылдары ұрлық-қарлық тиылып, отбасы бұзылу фактісі тіркелген жоқ. Ішімдікпен әуестенушілер де кезікпейді. Осындай жағдайдың қалыптасуына ауылдық ардагерлер және билер кеңестерінің қосқан үлесі зор.
Билер кеңесінің мүшесі Сәбен Сәтұлы. Шынында да ауылда заң мен тәртіп қағидаты орныққан. Адамдардың қауіпсіз ортада өмір сүруі – қоғамның басты байлығы. Жақында билер кеңесінің жұмысы сараланды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Ақкөл ауылдық билер кеңесінің төрағасы Әбіләмит Ахметов «Ауданның Үздік биі» атағына ие болды. Марапатты аудандық Билер кеңесінің төрағасы С.Әбсадықұлы табыс етіп, оның алдағы еңбегіне сәттілік тіледі. Жиында сөз алған Талас ауданының Құрметті азаматы Қанжан Әбдиев ақкөлдіктердің алдағы уақытта да аудандағы үлгілі ауылдың біріне айналатындығын жеткізіп, оған ақсақалдардың бар күштерін аямайтындығын баса айтты. «Ауыл болсаң, қауым бол» демекші.
Ақкөл ауылының халқы елді мекенді көріктендіруге белсене қатысып, 15-ші наурыз күнгі жаңа Конституцияны қолдауға референдумға қатысуға сайлау учаскесіне түгел барамыз, сөйтіп бір ауыздан дауыс береміз деп құлшынып отыр.
Медет ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ
Аудандық билер кеңесінің алқа мүшесі