Қызылша ауруы алаңдатып тұр
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен облыстық қан орталығында «Инфекциялық патология және иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар инфекционист дәрігері, Республикалық инфекционистер дәрігерлері қоғамының төрайымы, медицина ғылымдарының докторы, Астана қаласы медицина университетінің профессорі Динагүл Аяпбекқызы Баешева және ҚР ДСМ бас штаттан тыс балалар неврологы, медицина ғылымдарының кандидаты, PhD докторы Латина Айжановна Текебаева қатысты. Сондай-ақ конференцияға 10 ауданның инфекционист дәрігерлері, өңірдің медициналық мекемелерінің бас дәрігерлерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарлары, жұқпалы аурулар дәрігерлері, балалар невропатолог пен иммунолог дәрігерлері қатысты. Облыстың 80 дәрігері жиналған іс-шарада Жамбыл облысында балалар арасындағы жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері әсіресе, соңғы уақытта өршіп тұрған қызылша ауруының ахуалы және оған қарсы вакцинацияны күшейту шаралары кеңінен талқыланды.
Иммунопрофилактика басты назарда: Таразда ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Конференция барысында облыс әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды. Ол қазіргі таңда қызылша ауруының өршуі қоғам үшін үлкен алаңдаушылық туғызып отырғанын атап өтті. Әсіресе балалар арасындағы жұқпалы аурулардың көбеюі профилактикалық іс-шараларды күшейтуді талап ететінін жеткізді. Ал Астанадан арнайы келген Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар инфекционист дәрігері жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әрі ғылыми негізделген тәсілі екенін айтып, екпе алу мәселесіне жауапкершілікпен қараудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, атааналардың денсаулық мәселесіне бейжай қарамауы керектігін тілге тиек етті.
Адамзаттың күрестегі айқын жетістіктеріне қарамастан, жұқпалы аурулар – қазіргі қоғамға төнген ең қауіпті қатерлердің бірі. Облысымыз жұқпалы аурулардың өте жоғары деңгейі бар өңір. Бұл оның аумағында оба мен туляремия, күйдіргі және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, лейшманиоз және басқа да аса қауіпті инфекциялардың белсенді кеңейіп келе жатқан табиғи ошақтарының болуына байланысты. Елдің оңтүстік өңірі ретінде облыс үшін инфекцияның ішек тобын, дизентерияны, ботулизімді, созылма лы вирустық гепатиттерді, паразиттік ауруларды, эхинококкозды, бруцеллезді жоғары тіркеу тән. Туризмнің дамуына және халықтың көшіқонының артуына байланысты, облысқа биологиялық агенттердің әлемнің басқа елдерінен және еліміздің өңірлерінен әкеліну қаупі ұдайы артып келеді.
Облыстың жұқпалы және эпидемиологиялық қызметтерi жылына орта есеппен 16 мыңнан 22 мыңға дейін және одан да көп науқастарға қызмет көрсете отырып, жұқпалы аурулардың 94 түрi бойынша емдеу-алдын алу жұмыстарын жүргiзедi. Біздің облысымызда жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек жедел, алғашқы медициналық-санитарлық және мамандандырылған медициналық көмек түрінде, оның ішінде 10 орталық аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшелерінде және облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта жұқпалы ауруларға медициналық көмекті облыс бойынша 38 инфекционист дәрігер және 200-ден астам орта медициналық персонал көрсетеді.
Бұл айналасындағыларға биологиялық қатер төндiретiн аса қауiптi және басқа да жұқпалы аурулармен ауыратындарға, арнайы теориялық даярлығы және практикалық тәжiрибесi бар жоғары бiлiктi медициналық қызметкерлер.
Конференция бағдарламасына сәйкес, елдегі жұқпалы аурулар қызметінің бүгінгі жағдайына қатысты мәселелер;
ҚР мен облыстағы жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай, 2026 жылға арналған эпидемиологиялық болжам; халықты инфекциядан қорғау жөнінде қабылданып жатқан шаралар; бүгінгі таңда эпидемиологиялық маңызы бар инфекцияларды:
ЖРВИ мен тұмауды, қызылша, вакцинамен менгерілетін инфекцияларды, Нипах індетін емдеу, диагностикалау және алдын алу ерекшеліктері; биологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Бүгінгі күні өзекті мәселенің бірі, ол вакцинациядан, оның ішінде неврологиялық патологияға негізделген медициналық босату жұмысы. Екпе арқылы қорғануға болатын балалар уақытылы екпе салынбай қызылшадан және басқа да инфекциялардан зардап шегуде.
Балаларында неврологиялық патологиясы бар ата-аналар невропатолог дәрігерлерден «күту – белгілі бір уақыт кезеңіне вакцинация жасамау» туралы ұсыныстар алып, уақытылы жоспарлы екпелерін алмай қалады. Нәтижесінде екпесі жоқ бала қызылшанын асқыну жағдайымен инфекциялық ауруханаға жеткізіледі.
Осы мәселе бүгін конференцияда жауапты мамандармен бірге талқыланды. Жүкті әйелдерді, оның ішінде жұқпалы патологиясы бар әйелдерге (жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау, қызылша және т.б.) медициналық көмек көрсету жұмысы бойынша, бүгінгі конференцияда жауапты дәрігерлер маңызды мәліметтер мен алгоритмдерді орындауға алды.
Конференциядағы мамандарға жұқпалы патологияның өзекті мәселелері бойынша сапалы материалдарды талқылауға және алуға мүмкіндік берілді. Олар кейіннен оны жергілікті медицина қызметкерлерін даярлауға және практикалық жұмыста пайдаланды деп жоспарланды.
Арна ЖҰМАТАЙ