Халық – менің шын атым
Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толып отыр. Сөз дүлділінің есімі қазіргі таңда қазақ руханиятының символына айналған. Халық поэзиясының әйгілі тұлғасының жарқын жырлары жыл өткен сайын тәрбиелік маңызы артып қана қоймай, бүгінгі қоғам мүшелерінен де әр кез сергек болуды талап етіп келеді. Сәкен Сейфуллинше айтсақ, «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің азаматтық борышымыз».
ЖЫР АЛЫБЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ
Өткен сенбі күні тау тұлғаның туғанына 180 жыл толуына орай облыс орталығы – Тараз қаласындағы еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Тағылымды іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық және қалалық мәслихаттардың, қоғамдық және ардагерлер кеңестерінің төрағалары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен белсенді жастар қатысты. Бұл күні жиналған жұртшылық жыр жампозының рухына тағзым етіп, оның ел бірлігі мен ұлттық рухты асқақтатудағы айрықша рөлін тілге тиек етті.
Атап өту керек, бүгінде Әулиеата жерінде бір аудан, 4 ауылдық округ, 4 елді мекен, 1 даңғыл, 81 көше мен 9 білім беру ұйымына Жамбыл Жабаевтың есімі берілген.Өткен сенбі күні тау тұлғаның туғанына 180 жыл толуына орай облыс орталығы – Тараз қаласындағы еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Тағылымды іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық және қалалық мәслихаттардың, қоғамдық және ардагерлер кеңестерінің төрағалары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен белсенді жастар қатысты. Бұл күні жиналған жұртшылық жыр жампозының рухына тағзым етіп, оның ел бірлігі мен ұлттық рухты асқақтатудағы айрықша рөлін тілге тиек етті.
Атап өту керек, бүгінде Әулиеата жерінде бір аудан, 4 ауылдық округ, 4 елді мекен, 1 даңғыл, 81 көше мен 9 білім беру ұйымына Жамбыл Жабаевтың есімі берілген.
Есен ӨТЕУЛІ