Жол-құрылыс материалдары жіті тексерілуде
Біздің елде жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау, сондай-ақ жол активтерінің басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау міндеті жүктелген мекеме «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы». Құрылғалына жеті жылға жуықтаған уақыт ішінде аталған орталықтың өңір-өңірлердегі филиал қызметкерлері нәтижелі жұмыс істеп, кездескен кедергілерді еңсеруге күш салып келеді.
Мәселен, жамбылдық жолшылар осы жылдың ақпан тұрақты түрде іссапарға шығып, бірқатар нысандарға инспекциялық тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, республикалық нысандардағы жол-құрылыс материалдарының 20-дан астам данасынан үлгі алынып, сынамадан өткізіліпті.
Айталық, есепті кезеңде филиал мамандары 37 рет іссапарға шықса, бұл уақытта 25 сынама алынған. Жалпы, тексеру барысында 38 құқықбұзушылық анықталыпты. Қазіргі таңда олардың 30-жойылса, 8-і жойылмаған. Сонымен қатар осы айда 4 жобаға өтінім қабылданып, 6 нысанға верификация жүргізілген. Ал 2 жобаға оң қорытынды берілген.