Өзара ынтымақтастықтың жаңа кезеңі
Соңғы жылдары Өзбекстан мен Қазақстан ортасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық байланыстар тарихында жаңа саты басталды. Екі бауырлас мемлекет – тек жақын көрші ғана емес, түпкі тарихы, мәдениеті мен көзқарастары өзара тығыз байланысты мемлекет ретінде арақатынастарын нығайтып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 15-16 қараша күндері Өзбекстанға барған ресми сапарында Президент Шавкат Мирзиёевтің басшылығымен Өзбекстан көптеген салаларда ауқымды нәтижелерге қол жеткізіп, қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде әлемге танылып жатқанын айтқан болатын. Кең салалы реформалардың нәтижесінде экономиканың тұрақты өсуі, халықтың тұрмыс жағдайының артуы, қалалардағы ауқымды өзгерістер, тұрмыстың барлық бағыты сапалы дамуда.
Жаңа жағдайда және әлемдік арақатынас шиеленісіп бара жатқан қазіргі уақытта Өзбекстан мен Қазақстанның стратегиялық серіктестігі оң нәтиже беруде. Екі елдің басшылары тек өз мемлекеттерінің ғана емес, бүкіл бір аймақтың болашағы үшін жауапкершілікпен еңбек етуде.
Мәселен, 2025 жылы екі ел арасындағы тауар айналым көлемі 4 миллиард АҚШ долларына жетіп, бұл көрсеткішті алдағы уақытта 10 миллиардқа жеткізу көзделіп отыр. Соңғы жылдары 6,5 мың біріккен кәсіпорындар ұйымдастырылып, өнеркәсіп кооперациясын дамытуға 8 миллиард АҚШ долларына бағаланған жобалар портфелі жасалды. Әр екі елде де бір-бірінің капиталы жұмылдырылған бір жарым мыңға жуық кәсіпорындар жұмыс істеп тұр.
Өзбекстан мен Қазақстан тек екіжақты ғана емес, басқа да көрші елдермен байланыстың белсенді насихатшылары болып есептеледі. Өзбекстан басшысы тарапынан ұсынылған «Орталық Азия қауымдастығы» еларалық интеграцияны жаңа сатыға көтеруді басты назарда ұстайды. Сондай-ақ бұл екі жақын көрші әрі дос мемлекеттер БҰҰ, ШЫҰ, ТМД, Түркі мемлекеттері ұйымы сияқты халықаралық жүйелер аясында белсенді байланыс орнатуда.
Бұл байланыс, достық пен өзара сенім болашақта Орталық Азия елдерінің дамуында берік іргетас болып қалады.
Дилдора ИБРОХИМОВА,
Өзбекстан республикалық «Ишонч» (Сенім)
газетінің Бухара облысы бойынша тілшісі.