Құқық

47 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өткен мерзімде тиісті жұмыстар жүргізді.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде департаментпен 45 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде: тізбеге сәйкес – 13, жоспардан тыс – 32, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 6, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 26.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижесі бойынша жалпы сомасы 18 832,8 миллион теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 5 668,6 миллион теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның 55,3 миллион теңгесі бюджетке өтелуге жатады (33,1 миллион теңге бюджетке өтелді, бұл 59,8 пайызды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 939,2 миллион теңгесі (орындалған жұмыстар мен қызметтер есебінен қалпына келтірілгені – 827,3 миллион теңге, бұл 88,1 пайызды құрайды), 4 674,1 миллион теңгесі – бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар, 13164,1 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 3780,0 мың теңге.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 47 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 31 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 9,2 миллион теңге бюджетке толығымен өтелді.

Одан бөлек, департамент қызметкерлері тарапынан прокуратура органдарының материалдары бойынша жалпы сомасы 2 320,6 миллион теңгені құрайтын 18 қорытынды берілген. Барлық материалдар құқық қорғау органдарының талабымен берілді.

Қаржылық бұзушылықтардың негізгі үлесі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша аудит жүргізу кезінде анықталды – 3 438,8 миллион теңге, яғни 60,7 пайыз, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері – 1 664,2 миллион теңгеге, яғни, бұл 29,3 пайыз, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 566,6 миллион теңге – 10,0 пайызды құрайды.

Қаржылық бұзушылықтардың келесі түрлері анықталды, олар:

– бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар – 4673,8 миллион теңгеге;

– орындалмаған жұмыстар, сапасыз орындалған жұмыстар, техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін жеткізілген тауар үшін қаражатты төлеу – 732,8 миллион теңгеге;

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды қамтамасыз етпеу – 249,8 миллион теңгеге;

– жалақы, іссапар және басқа төлемдер бойынша бұзушылықтар – 12,2 миллион теңгеге анықталды.

Департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералық бақылауды жүзеге асырады, оның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және болдырмау, мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту және камералдық аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше дербес жою мақсатында құқықтар беру.

2025 жылы 21378 (лот) мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізіліп, өндірілуге тиіс 21527, яғни 99,3 пайызды құрайды, оның ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1650 хабарлама жіберіліп, оның ішінде 1627 орындалды, яғни 98,6 пайыз орындалды.

Камералдық бақылау негізінде бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарламаларды уақтылы және тиісінше орындамағаны үшін, 13 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, соттың қарауына жолданды.

Бұдан бөлек, есептік кезеңде мемлекеттік сатып алу бойынша 480 арыз-шағым келіп түскен, 70 шағым қанағаттандырылған және ішінара қанағаттандырылған, қанағаттандырудан бас тартқаны – 336, кері шақырылды – 56.

Облыстағы мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілері тарапынан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде жиі қайталанатын бұзушылықтар:

1. Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық (аукциондық) құжаттамада мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін талаптар қою.

Мәселен, құрылысқа қатысты емес жұмыстарды сатып алу кезінде сметалық құжаттамада көрсетілмеген материалдық ресурстардың әлеуетті өнім берушіде бар болуын талап ету;

2. Мемлекеттік сатып алу тәсілін дұрыс қолданбау;

3. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүргізуге жататын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру.

4. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу. Техникалық ерекшелікті қазақ немесе орыс тілінде орналастырмау, мемлекеттік стандартты көрсетпеу.

Сонымен қатар Департамент өз құзіреті шегінде аудит материалдары, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдардан материалдары бойынша, ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасы (ҚР Кодексінің 238-бабы) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы (ҚР Кодексінің 207-бабы) бойынша әкімшілік істерді қарайды.

2025 жылы Департаментке барлығы 693 әкімшілік хаттама тіркеліп, оның ішінде: 650 материал қаралып әкімшілік айыппұлдар салынған, 43 материал сотқа берілген.

Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 83,4 миллион теңге болса, оның ішінде бюджетке 78,4 миллион теңге өтелді.

Марат ЕГЕМБЕРДИЕВ,

облыс бойынша ішкі мемлекеттік

аудит департаментінің басшысы.