Экономика

Сиыр соямын деп ауру жұқтырып алған

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дейді халық нақылында. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы және сібір жарасы секілді қауіпті жұқпалы аурулардың көрініс беретін кезеңі, әсіресе көктем-жаз айлары екені белгілі. Жақындап қалған мезгілдерде қауіпті дерттен сақтану шараларын көрсетіп, мамандардың жұмысын жандандыру мақсатында облыстық санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті семинар өткізді. Аса қауіпті инфекциялары бойынша өткізілген семинар Ұлттық сараптама орталығы, Денсаулық сақтау және ветеринария басқармаларымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Бүгінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы және сібір жарасымен аурушаңдық еліміздің оңтүстігінде, соның ішінде облысымызда өте өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Ал Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының облыс аумағында 2025 жылы 4 жағдайы тіркелген. Оның табиғи ошағы Мойынқұм, Талас, Сарысу, Жамбыл, Байзақ және Шу аудандарының 46 елді мекенінде орналасқан.

Семинар қорытындысында аталған аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту туралы нақты нұсқамалар берілді.

Қамар ҚАРАСАЕВА