Экономика

«Тамаша үй» қандай жоба?

Тараз қаласындағы «Асар» оңалту орталығы базасында «Тамаша үй» жобасы аясында оқыту семинары өтті. Баспанасыздықпен күрес бойынша шешімдерді қолдау бағдарламасы шеңберінде өткен іс-шараны «Жастар мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Бұл семинар мүгедектігі бар әйелдер мен балалардың ата-аналарын қолдауға бағытталған үш кезеңді бағдарламаның бір бөлігі. Оқыту әр лекке 20 қатысушыдан құралған топтармен өткізілді, бұл атаулы және тәжірибеге бағытталған тәсілді қамтамасыз етеді.