Аймақ

Алушы да, сатушы да дән риза

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласындағы «Жастар аллеясы» алаңында жәрмеңке өтті. Оған Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері шығарылды. Тараз қаласы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Таңатаровтың айтуынша, жәрмеңкеде жалпы құны 9,8 миллион теңгені құрайтын 14,3 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары жеткізілген. Оның ішінде 2 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 0,6 тонна шұжық өнімдері, 0,5 тонна сүт өнімдері, 6,7 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.