Жаңалықтар

Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Кездесу барысында баспана және жұмыспен қамту, жаңа білім беру нысанын салу, апатты көпқабатты тұрғын үйді қалпына келтіру, тұрғын үйдің техникалық жай-күйі мен коммуналдық мәселелер, сондай-ақ жеке сипаттағы ұсыныспікірлер көтерілді.

Ербол Қарашөкеев тұрғындардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді. Қабылдау қорытындысында жауапты тұлғаларға көтерілген түйткілдерді жанжақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініштілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі