Әлеумет

Компьютер тілін меңгеруде

Әлемді тануы үшін, ақпарат алу және бөлісу үшін бүгінгі таңда ақпарат технологиясының рөлі кімге де болса аса маңызды. Таразда қос жанарынан айырылғандар техника тілін меңгеруде. №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатында «Зағип және компьютер» үйірмесі бойынша дәріс алған көру қабілеті нашар оқырмандар арасында «Кедергісіз келешек» атты байқау өтті. Жүргізілген сабақтар нәтижесінде біліктілік танытқан 4 білім алушы іріктеліп, сайыс ережесіне сәйкес үш кезеңмен өздерінің бағын сынады.