Аймақ

Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы ХАБАРЛАМА

Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы ХАБАРЛАМА

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына, «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы №1170 Жарлығына, «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі ісшаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2026 жылғы 12 ақпандағы №6/10 қаулысына сәйкес, Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлаймыз.

Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясы Орналасқан жері: Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 35. Телефоны: 8 (7262) 43-29-08.

Комиссия төрағасы: Айдапкелов Сергали Омирзакович; Төрағаның орынбасары: Жамалов Талгат Салканович; Комиссия хатшысы: Боранбаев Абылкаир Аскарович; Комиссия мүшелері: Амангелді Мерей Ерғалиқызы; Жапаров Еркин Серикович; Қадырбекова Әсел Анарбекқызы; Сембеков Мейржан Ермекбаевич.

Аумақтық референдум комиссиясының жұмыс уақыты: 09:00-18:30.

 

Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясы