Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеев Әулиеата тұрғындарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Facebook әлеуметтік желісіне жарияланған ақжарма лебіз:
"Құрметті жамбылдықтар!
Сіздерді жүрекке тыныштық, көңілге нұр сыйлайтын қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан – нәпсіні тыйып, ниетті түзейтін, пендені сабырға, шүкірге, мейірім мен кешірімге тәрбиелейтін ұлық ай. Бұл – жан дүние тазарып, жүректерге иман шуағын себетін ерекше кезең.
Ұстаған оразаларыңыз, тілеген дұға-тілектеріңіз бен жасаған әрбір қайырлы істеріңіз қабыл болсын!
Қасиетті Рамазан айында әр шаңыраққа құт-береке қонып, тыныштық пен татулық салтанат құрсын. Дастархандарыңызға адал ризық пен мол ырыс, отбасыларыңызға амандық пен бақыт тілеймін!
Еліміз аман, бауырымыз бүтін, жұртымыз тыныш болғай!
Рамазан айы баршаңызға рухани жаңару мен игілік әкелсін!"