Басты жаңалық

Есет Досалы «Мойынқұм таңы» газетінің бас редакторы болып тағайындалды

Журналист, айтыскер ақын Есет Досалы аудандық «Мойынқұм таңы» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Ол сондай-ақ, «Салық тәртібі» республикалық қоғамдық саяси газетінің меншікті тілшісі қызметін қоса атқаратын болады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Есет Жаңабайұлы 1977 жылы Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын филология мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы наурыз айында Талас ауданы, Бөлтірік Әлменұлы орта мектебінде әдебиет үйірмесінің жетекшісі болып бастаған. 2005 жылы тамыз айында облыстық «Ар-Ай» жастар газетіне тілші болып қабылданды. 2006 -2015 жылдары аталған жастар газетінде Руханият бөлімінің меңгерушісі, тілші қызметтерінде болды. 2015 жылдың маусымынан 2026 жылдың ақпанына дейін облыстық «Aq jol» газетінде тілші, мәдениет бөлімінің меңгерушісі, аға тілші қызметтерін атқарған.

Облыс әкімінің "Құрмет" грамотасымен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. 2024 жылы "Мәдениет саласының үздігі" атанды. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

«Шөбере», «Шындық», «Өлең деп өмір сүремін» атты әңгімелер мен жыр жинақтарының авторы.