Әлеумет

Кәсібін дөңгелеткен әйел

Бүгінгі күні кәсіпкерлікке бет қойғандардың қатарында әйелдер көп. Олар ұлттық өнерімізді, салт-дәстүрімізді өздері жасаған бұйымдар арқылы жан-жақты танытып, жарнамалап келеді. Соның бірі – Дариға Өтепова. Оның Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Айдана» базарында өзінің жеке тігін цехы бар. Кәсіпкер киімді қайта қалпына келтіру ісімен айналысады. Сондайақ ұлттық киім мен көрпе жастық тігеді.