Әлеумет

Желтоқсаншылардың жоспары көп

Жастарымыздың арманын мұзға қарыған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының есінен ешқашан кете қоймайтын шығар. Ұл-қыздарымыздың асқақ рухы намыс болып көтерілген оқиғаға да биыл 40 жыл толады екен.

Осынау атаулы күн жыл бойы жалғасын таппақшы. Осы орайда облысымыздағы «Желтоқсан -86» қоғамдық бірлестігінің мүшелері бастары қосылып, жиын өткізді. Басқосуды аталған бірлестіктің төрағасы, Тараз қалалық мәслихаттың депутаты Мұрат Бердалиев жүргізіп отырды.

Жиында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әйгілі «Желтоқсан желі» әнінің авторы Әбиірбек Тінәлі айтылған жоспарды қолдайтынын айтты.

Желтоқсаншы, аталған бірлестік төрағасының орынбасары Хаджымұрат Исмайлов өз ойын ортаға салды.

Бұл ұсынысты Мойынқұм ауданы, Көктерек ауылының қызы, желтоқсаншы Қарлығаш Күзекова қызу қолдады. Жиында Тараз қаласы №53 орта мектеп-гимназиясының директоры Салтанат Төлеу, Тараз қаласы №13 орта мектептің директоры Айтжамал Ағыбаева өз ойларын ортаға салды. Олар да 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан екен. Мұнан соң Тараз қалалық білім бөлімінің әдіскері Гауһар Шерімова, желтоқсаншылар Ермахан Мырзабеков, Света Иманқұлова айтылған ұсыныстарды қолдайтындарын жеткізді.

Жиынды бірлестік төрағасы Мұрат Әзімханұлы қорытындылап, барлық желтоқсаншыларға және қонақтарға алғыс білдірді. Аталған оқиғаның 40 жылдығы сөз жүзінде қалып қоймай түрлі іс-шаралармен жалғасатынын, ол үшін Алматы қаласындағы желтоқсаншылармен де, түрлі қоғамдық ұйымдармен де байланыс күшейе түсетінін айтты.

 

Есет ДОСАЛЫ