Елді біріктіретін күшке айналуы тиіс
Облыс әкімінің орынбасары Алтай Әлінің төрағалығымен өткен кеңесте жаңа Конституция жобасына қатысты жауапкершілік ендігі жерде тек билікте ғана емес, бүгінгі қоғамның әрбір мүшесіне де жүктелетіні кеңінен сөз болды. Жалпы, жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әділдік пен біртұтастыққа, заң мен тәртіпке негізделген ауқымды реформаларының өміршеңдігі жан-жақты сараланды. Ал басқосуға облыс әкімдігіне қарасты түрлі басқарманың басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Алтай Сембекұлының айтуынша, жаңа Конституцияның елді біріктіретін күшке айналуы үшін қарапайым жұртшылық арасында тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.