Басты жаңалық

Көктемгі сын сағаты: 178 мың тұрғын қауіп аймағында

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 34 елді мекендегі қауіп жойылып, 2 ауылда тәуекел деңгейі төмендетілді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

«Шоң-Қақпа» су қоймасына байланысты Талас өзенінің жағалауы бекітіліп, 8 қауіпті учаске күшейтілді. Каналдар тазартылып, көпірлер ауыстырылды.

Төтенше жағдайға 396 эвакуациялық пункт дайын. 1900-ден астам маман мен 480-нен аса техника жұмылдырылған. Дегенмен, кейбір су қоймаларын реконструкциялау жұмыстары әлі басталмаған. Қазір өзендердегі су деңгейі тұрақты. Жағдай бақылауда.