Жаңа Конституция орнықты әрі адамға бағдарланған саясаттың негізін қалыптастырады – Асхат Рахымжанов
Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік сипатын күшейтіп, саясаттың өзегіне адамды қоя отырып, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Ата Заң жобасын қолдау жөніндегі ұстанымы мен дәйектерін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов мәлімдеді.
Ол Конституция жобасы ең алдымен әділдікке, теңдікке, құқықтарды қорғауға және мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Асхат Рахымжанов осынау конституциялық нормалар маңызы адам мүддесіне бағдарланған орнықты саясаттың негізін қалыптастыру үшін маңызды екенін жеткізді.