Қоғам

Қауіп жоқ деме, қыр астында...

Қазір еліміз бойынша қысқы жылыту маусымы жүріп жатыр. Осы маңызды науқанның қауіпсіз өтуі үшін және жылдың осы мезгілінде көбірек орын алатын өрттің алдын алу мақсатында тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар күшейтілуде. Себебі, қыс айларында ғимараттарды пешпен жылыту тұрғын үй секторындағы өрттің басты себептерінің бірі болып саналады. Құтқарушылар қыс кезінде өрт сияқты «тілсіз жаудан» басқа да қауіптер бар екенін ұмытпау керектігін де еске салып келеді. Олардың тарапынан жеке тұрғын үйлерде және қоғамдық орындарда өрт қауіпсіздігін сақтау, су айдындарында, балық аулауға шыққанда, толық қатпаған мұз үстімен жүргенде, қолайсыз ауа райында алыс жолға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екені аз айтылып жүрген жоқ. Сондай-ақ балаларды жылдың кез келген мезгілінде қараусыз қалдырмауды да ұмытпаған жөн. Бірақ, жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, тұрғындардың қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамауының салдарынан төтенше және қайғылы жағдайлардың орын алып жататыны жасырын емес.

Өңірлерде су тасқыны кезеңіне жоспарлы дайындық жүргізілуде

Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомство аралық мемлекеттік комиссияның отырысында мемлекеттік органдардың 2026 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық мәселелері қаралды. Жиын қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға халықтың және ел аумағының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Осыған орай еліміздің өңірлерінде көктемгі су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында кешенді дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атқарылып жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен инфрақұрылымды қорғау, сондай-ақ көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу.

Өз кезегінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көктемгі кезеңде мүмкін болатын төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қажет арнайы техникалардың дайындығын тексеріп, олардың техникалық жай-күйін, жарамдылығын және жедел әрекет етуге дайындығын бағалады.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті

Өткен аптада еліміздің бірқатар өңірлерінде ТЖМ бөлімшелері жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді. Іс-шаралар төтенше жағдайларға ден қою кезінде күштер мен құралдардың дайындығын арттыруға, сондай-ақ нысандар әкімшіліктерімен өзара ісқимылды пысықтауға бағытталды. Облыста оқу-жаттығулар «АТФ Энерджи» жауапкершілігі шектеулі серікте стігінің жанар-жағармай сақтау қоймасында өтті.

Іс-шараға төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, жедел-құтқару жасағы, апаттар медицинасы орталығы және Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының күштері қатысты. 12 техника мен жеке құрамнан 45 адам жұмылдырылған жаттығуда бір шартты зардап шеккен адам құтқарылып, оған алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді. Шартты өрт дер кезінде сөндірілді.

Осындай оқу-жаттығуларды өткізу өрт сөндіру бөлімшелерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға, ныс андардың ықтимал төтенше жағдайларға дайындығын тексеруге және барлық қызметтердің өзара ісқимыл алгоритмдерін пысықтауға мүмкіндік береді.

Жеті тәулікте қар құрсауынан 126 адам құтқарылды

Ауа райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өткен аптада қар құрсауынан 126 адамды, оның ішінде 10 баланы құтқарып, эвакуациялады, сондай-ақ 120 автокөлікті шығарды. Ауа райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы ақпарат халыққа СМС хабарламалар, Төтенше жағдайлар министрлігінің, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы жеткізілуде. Авариялыққұтқару және ізде стіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қатысуда.

Мәселен, 6 ақпанда Жуалы ауданында «Б. Момышұлы – Көлтоған» облыстық маңызы бар тасжолының 38-ші шақырымында қар құрсауында қалған автокөлік жүргізушілері мен жолаушыларына көмек көрс ету мақс атында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.

ТЖМ күштері қар құрсауынан 4 автокөлікті шығарып, көлік ішінде болған 8 адамға, оның ішінде 1 балаға көмек көрсетілді. Ал 8 ақпан күні Қордай ауданының ескі асуында (170-190 километрінде) ауа райының қолайсыздығына байланысты жүк автокөліктері қар құрсауында қалып, автожолдың жүру бөлігін жауып қалған. Соның салдарынан көлік құралдарының жиналуы орын алды. ТЖМ күштерімен қар құрсауынан 50 жеңіл және 30 жүк автокөлігі қауіпсіз жерге шығарылды. Құтқарылғандар арасында зардап шеккендер болған жоқ.

Ауа райының қолайсыздығына және автожолдардың жабылуына байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаментінде азаматтарға психологиялық көмек көрсету және ақпараттандыру мақсатында «жедел желі» телефондары ашылды. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.

Балалар қауіпсіздік ережелерін үйренуде

Облыстың құтқарушылары балалар мен жастарды төтенше жағдайлардың алдын алуға және өскелең ұрпақтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған қауіпсіздік негіздеріне үйрету мен қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Жақында Тараз қа ласындағы №38 «Толағай» балабақшасында өрт қауіпсіздігі тақырыбында ашық сабақ өтті. Балабақша бүлдіршіндері тақырыпқа сай көріністер дайындап, қауіпсіз мінез-құлық ережелерін айтып берді, ал құтқарушылар өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын еске салды.

Мекемеде балалардың қолөнері бойынша көрме ұйымдастырылып, кейін балабақша ауласында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар ба ла лармен кездесті. Балалар өрт сөндіру көлігіне отырып көріп, құтқару техникасымен танысты және іздеу жұмыстарына жұмылдырылатын Холмс деген лақап аты бар итті көріп, жақыннан танысу мүмкіндігіне ие болды.

Осындай алдын алу шаралары балалардың қауіпсіздік саласындағы білімін арттыруға және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін азайтуға мүмкіндік беретіні анық.

Тараздықтар арнайы көліктерге жол беру туралы не ойлайды? Таразда тұрғындар арасында арнайы автокөліктер келе жатқанда олардың қалай әрекет ететіні туралы әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Ісшара республикалық «Жол бер!» профилактикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Сауалнама барысында журналист Риналь Рахматуллин автокөлік иелеріне жол ережелері мен ТЖМ арнайы көліктеріне жол беруге әзірлігі туралы сұрақтар қойды. Сауалнама тиісті сала қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді, олар да диалогқа қосылып, шұғыл қызметтердің еркін өтуінің маңыздылығын түсіндірді.

Тұрғындар өз пікірлерімен бөлісіп, жеке тәжірибелерін айтып, жүргізушілердің мәдениеті мен жауапкершілігі туралы ойларымен бөлісті. Тікелей байланыс форматы тек жауап жинауға ғана емес, жолдағы дұрыс әрекеттерді еске салуға да мүмкіндік берді. Акция аясында қатысушыларға ТЖМ әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларға сілтеме жазылған QR-кодтары бар шоколадтар таратылды. Онда қауіпсіздік мәселелері бойынша пайдалы ақпараттар орналастырылған.

Департамент қызметкерлері тұрғындарды жолда абай болуға және арнайы көліктерге әрдайым жол беруге шақырды.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу – маңызды

Талас ауданының орталығы – Қаратау қаласында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық акция өтті. Аталған іс-шара төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы, «ҚазақГазАймақ» мекемесі, полиция бөлімі және аудандық электр желісі қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырылды.

Акция барысында тұрғындарға жылыту маусымындағы қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, сонымен қатар құтқарушылар тарапынан улы газ датчиктері орнатылды. Әсіресе әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың үйлеріне ерекше назар аударылды, себебі бұл санаттағы азаматтар үшін төтенше жағдайлардың туындау қаупі жоғары. Аталған профилактикалық жұмыстар улы газбен уланудың алдын алуға, жылыту маусымындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға және тұрмыстық өрттердің санын азайтуға бағытталған.

Сондай-ақ ауданда төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық, гидротехникалық және қорғау құрылыстарының жай-күйі, сел, сырғыма және көшкін қауіпсіздігі бойынша Жол картасының орындалуы, елді мекендерде құлақтандыру жүйелерін орнату, «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындық, сондай-ақ 2026 жылға арналған өрт сөндіру пункттерін құру жоспары қаралды. Меркі ауданында да автокөліктегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық үгітнасихат жұмыстары жүргізілді.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері автокөлік жүргізушілері арасында «Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жүргізушілерге автокөліктегі өрттің негізгі себептері, оның алдын алу жолдары, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету тәртібі айтылды. Сонымен қатар автокөлікте алғашқы өрт сөндіру құралдары болуының маңыздылығына, электр сымдарының жарамды күйде болуына және жанармай жүйесінің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Ауданның төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері М. Әуезов атындағы орта мектепте 10-11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында болашақ түлектерге Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Азаматтық қорғау саласындағы қызметтің маңызды-лығы, құтқарушы мамандығы-ның жоғары жауапкершілігі мен қоғам үшін маңызы атап өтілді.

Іс-шара барысында академияда білім алушылардың курсант мәртебесіне ие болатыны, оқу кезіндегі әскери тәртіп, күн тәртібі, оқу-жаттығу процесі және әлеуметтік кепілдіктер туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар оқу аяқталғаннан кейін түлектердің төтенше жағдайлар органдарына қызметке орналасу мүмкіндіктері туралы мәлімет беріліп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылды. Т.Рысқұлов ауданының №10 өрт сөндіру бөлімінде Луговой трассалық медициналық-құтқару пункті қызметкерлерінің қатысуымен өрттер мен авариялық-құтқару жұмыстарында зардап шеккен адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бойынша ұйымдастырылған теориялық және практикалық сабақта жеке құрамға төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсету тәртібі түсіндіріліп, тәжірибелік іс-қимылдар пысықталды. Қызметкерлер әртүрлі жарақат алған зардап шеккендерге, атап айтқанда күйік шалу, үсік шалу, суға тұншығу және механикалық жарақаттар кезінде көмек көрсету дағдыларын тәжірибелік түрде шыңдады.

Аталған сабақтар өрт сөндірушілердің кәсіби даярлығын арттыруға және төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге уақытылы әрі сапалы көмек көрсетуге ықпал ететіні сөзсіз. Бүгінде барлық өңірлерде «Өзіңді тексеріп, қауіпсіз бол!» республикалық акциясы жалғасуда. Осыған орай Сарысу ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында интерактивті сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі, эвакуациялау тәртібі, тұрмыстағы қауіп-қатерлер, мұз үстіндегі және су маңындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету дағдылары пысықталды. Ал аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен өткен профилактикалық бағыттағы бірлескен жиналыста қызмет атқару кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтау, лудоманияның (құмар ойынға тәуелділіктің), сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Мамандар аталған факторлардың қызметтік тәртіпке, моральдықпсихологиялық ахуалға және қоғам қауіпсіздігіне тигізетін кері әсеріне тоқталды.

Жиналыс барысында құқықтық жауапкершілік, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын сақтау және қызметкерлер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, профилактикалық шаралардың маңыздылығы атап көрсетілді. Осындай бірлескен профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Шу ауданының құтқарушылары жыл бойы қауіпсіздік тақырыбында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді. Жақында Көктөбе ауылының Жамбыл орта мектебінде «Өзіңді тексеріп, қауіпсіз бол!» республикалық акциясы аясында өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар өздерінің қауіпсіздік бойынша дайындықтарын көрсетіп, күнделікті өмірде сақталуы тиіс қауіпсіз мінезқұлық ережелері туралы баяндады. Сонымен қатар, құтқарушылар өрт туындаған жағдайда орындалуы қажет негізгі қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін еске салды. Іс-шара аясында мектеп ауласында оқушыларға өрт сөндіру автокөлігі таныстырылып, апаттар медицинасы қызметінің жұмыс барысы көрсетілді. Балалар арнайы қорғаныс киімдерін киіп көріп, жедел-құтқару жасағының құралжабдықтарымен жақыннан танысу мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде Жуалы ауданында су басу қаупі бар учаскелер зерделенуде.

Төтенше жағдайлар бөлімі ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, су басу қаупі бар учаскелердің жай-күйіне жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында қар жамылғысының көлемі, жер бедерінің қату деңгейі, сондай-ақ өзендер мен каналдардың, су өткізу құрылғылары мен көпірлердің жауыншашын түсуі және қардың қарқынды еруі кезінде суды өткізу мүмкіндіктері мен техникалық жағдайына ерекше көңіл бөлінді.

Аталған жұмыстар су тасқынының алдын алу және қауіпті учаскелерді дер кезінде анықтау мақсатында жүргізілді. Байзақ ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері полиция бөлімі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бөлімшесі, аудандық ТЭС қызметкерлері және ауылдық округ әкімдігінің мамандарымен бірлесіп, Көктал ауылы тұрғындары арасында кешенді профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі, жылыту маусымына дайындық, улы газдан уланудың алдын алу, балаларды қараусыз қалдырмау, балалардың терезеден құлау жағдайларын болдырмау, автокөліктегі өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мамандар қауіпсіздік талаптарын сақтау, тұрмыстық газ жабдықтары мен жылыту пештерін дұрыс пайдалану, электр желілерін қауіпсіз қолдану және төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету тәртібіне ерекше назар аударды.

Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасында департамент офицерлерімен және жедел-құтқару жас ағының құтқарушыларының қатысуымен «Өрт немесе өзге де түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері» тақырыбында тәжірибелік сабақ өтті. Іс-шараны облыстық денсаулық сақтау басқармасының жедел жәрдем қызметінің медициналық қызметкерлері мен апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жүргізді.

Медицина мамандары құтқарушыларға төтенше жағдайлар аймағынан құтқарылған зардап шегушілерге дұрыс бағытта медициналық көмек көрсетудің әдістәсілдерін, атап айтқанда, апат аумағынан адамды денсаулығына зақым келтірмей дұрыс алып шығу, жас-нды тыныс алдыру жаттығулары мен қан тоқтату сияқты қажетті әдістерді көрсетті. Тәжірибе алмасу мақсатындағы мұндай маңызды сабақтар алдағы уақытта одан әрі жалғасады.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП