Қоғам

Әскери кафедралардың әлеуеті қандай?

Наполеон Бонапарттың: «Өз әскерін асырағысы келмейтін халық жат әскерді асырайтын болады», – деген әйгілі сөзі адамзаттың ақыл-ойы асып, ғарышты игеріп жатқан XXI ғасырда да маңызын жоғалтпағанына бүгінде көзіміз кәміл жетіп отыр. Сол себепті еліміздің қорғанысын һәм Қарулы Күштерін нығайту – күн тәртібіндегі көкейкесті мәселе болып қала бермек. Ал оның ойдағыдай шешімін табуына әскери оқу орындарымен қатар, азаматтық жоғары оқу орындарының әскери кафедралары да өз үлестерін қосуға тиіс.