Басты жаңалық

Президент газет оқымайтын мемлекеттік қызметкерлерді сынады

Бүгінгі өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің стратегиялық бастамаларын халыққа түсіндіру, түрлі саяси негіздегі тұжырымдаларды ілгерлету, жалпы ақпараттандыру жұмыстары бойынша мерзімді басылымдардың қоғамдағы орны айрықша екенін атап өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы цифрландыру игіліктеріне еті үйренген, маңызды баяндамаларды даярлауда жасанды инттеллект көмегіне жүгінетін Үкіметтің кейбір мүшелерін ашық сынады.

Айта кетейік, Президент жыл басында халықаралық «Turkistan» газетінің бас редакторы, ақын Бауыржан Бабажанұлымен сүбелі сұхбат құрып, мерзімді басылымдары әлі күнге қалт жібермей қарайтынын айтқан еді.

Сонымен қатар, сұхбат барысында Мемлекет басшысы қоғамымыз елең етерлік жаңалық оқып, бейнежазба көрумен шектелмей, мән-мағынасы терең ақпараттың да қадірін білгені дұрыс деп санайтынын жеткізді.