Тараздағы түзеу мекемесінен жергілікті азамат босап шықты
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты сарысулық азамат бостандыққа шықты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
36 жастағы жазасын өтеуші 2020 жылы Сарысу аудандық сотының үкімі негізінде Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған еді.
Бұл күні А есімді ер адамды мекеме қақпасынан шығарып салу барысында ҚАЖ қызметкерлері оған еркін өмірдегі құқықтары мен міндеттерін мұқият түсіндіріп, қайта қылмысқа бармауы жөнінде қатаң ескертті.