Уақыт сынынан өткен кәсіпкер
«Даму» қорының қолдауына ие болған «Сарыбас» жеке кәсіпкерлігі ет өндірісімен айналысып келеді. Бүгінгі күні ел нарығына шыққанына жиырма жыл болған компанияның шұжығы өз брендін қалыптастырып үлгерген. Нарықта үлкен сұранысқа ие.
Кәсіпкер Берік Сабденалиев шұжық өндірісін Тараз қаласында 2006 жылы бастапты. Бүгінде тұтынушыларға дайын өнім ұсынып, ондаған адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр.
Аталған бағдарлама бойынша берілген қаражат инвестициялық мақсаттарға – өндіріс қуатын кеңейтуге және шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған. Бұдан бөлек, «Даму» қоры өзге де көптеген кәсіпкерлерге «Өрлеу » бағдарламасы аясында қолдау көрсетіп отырғанын атап өткен жөн. Міне, қордың қолдауының шеңберінде «Сарыбас» жеке кәсіпкерлігі де құралжабдықтарды жаңғыртуға, өндіріс тиімділігін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік алып отыр.
Нарықта жиырма жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жеке кәсіпкердің ет өндірісі «Сай-ко», «Сарыбас» және «Болат и Ко» деген үш сауда маркасымен танымал. Кез келген дүкеннің сөресінде бұл өнім түрлері толып тұр. Кәсіпкер тұтынушыларына табиғи және дәмді шұжықтарды ұсына отырып, сатып алушылардың сеніміне ие болған.
Бүгінгі күні компанияның ассортименті 39 түрлі шұжық өнімін қамтиды. Оның ішінде классикалық сервелатар мен сиыр шұжығынан бастап «Ірімшік салынған күркетауық» немесе «Прима» сияқты бірегей дәмге ие өнімдер бар. Шикізат сапасына ұдайы назар аудару, заманауи жабдықтар мен технологияларды қатаң сақтауға кәсіпорында жіті көңіл бөлінген.
Жалпы «Сарыбас» өнімін сатып алушылар да жоғары бағалайды. «Даму» қорының қолдауы және
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Тараз қаласы