Саясат

Мемлекет – адам үшін

Облыстық және Тараз қалалық мәслихаттарындағы Amanat партиясы депутаттық фракцияларының бірлескен отырысы өтіп, Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясы жанжақты талқыланды.

Жиын барысында фракция мүшелері жаңартылған Ата Заңның маңызына тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістер бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Конституциялық реформа еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға және мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді. Аталған мәселеге Amanat партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, конституциялық өзгерістер Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың саяси реформалар жөніндегі бастамалары аясында жүзеге асырылуда.

Бастапқыда Конституцияның шамамен 40 бабына өзгеріс енгізу жоспарланғанымен, талқылау нәтижесінде реформаның ауқымы едәуір кеңейген. Нәтижесінде Конституцияның барлық бөлімдері мен 77 бабына, яғни жалпы мәтіннің 84 пайызына өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Жиында сондайақ Жамбыл облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері Ерұлан Мағзымбеков пен Анар Сағынтаева, Тараз қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Марат Жұманқұлов Конституцияның жаңа редакциясына қатысты өз пікірлерін білдірді. Жаңа Конституцияда білім мен ғылымды, инновацияны Ата Заң деңгейінде қорғау тетіктері күшейтіліп, Ұлы дала тарихының сабақтастығын сақтау мәселесіне ерекше мән берілген. Сонымен қатар

«Адам – мемлекет үшін емес, мемлекет – адам үшін» қағидатының әділетті тепе-теңдігін қамтамасыз ету көзделген.

 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Amanat партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.