Әрдайым дайын болуымыз керек
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Сарысу ауданының Жаңатас қаласында қатты жел салдарынан зақымданған нысандарды аралап, жағдайымен танысты.
Ербол Қарашөкеев Жаңатас қаласындағы қатты желден зардап шеккен нысандарды аралады
Еске сала кетейік, 2026 жылғы 6 ақпанда екпіні секундына 32 метрге дейін жеткен қатты желдің салдарынан 3 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры толықтай, 7 үйдің шатыры жартылай ұшқан. Сонымен қатар 7 кәсіпкерлік нысанның шатыры бүлініп, шамамен 2 шақырым электр желісі үзілген.
Қазіргі таңда нысандарды зерделеу жұмыстары жалғасуда. Зардап шеккен тұрғындар жоқ. Коммуналдық желілер штаттық режимде жұмыс істеуде, әлеуметтік нысандарға зақым келмеген.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі