Құрылыстың басталуына қаржы қарастырылды
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІ сессиясында облыстық бюджетті нақтылау жобасы қаралды.
Сессия жұмысына депутат, облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссияның төрағасы М.Шалқарбеков жетекшілік жасап, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров және басқарма басшылары қатысты.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Салтанат Абдралиева Қордай ауданы Гвардейск қала үлгісіндегі елді мекенде газ құбырының құрылысы бастамасына – 116166 мың теңге, Қордай ауданы Гвардейск қалалық кентіне қалаішілік газ құбырының құрылысы бастамасына – 100000 мың теңге, сондай-ақ 251838 мың теңгені «Шу қалалық аурухана ғимаратын қайта жаңғырту» жобасының бастамасына бөлуді ұсынды. Бұл ұсыныс депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Сессия соңында депутаттар өздерін толғандырған мәс елелер бойынша хабарламалар жасады.
Aq jol-Aqparat