Саясат

Ұлттық волонтерлік желі өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдайды

Бүгін Астана қаласында Ұлттық волонтерлік желі «Жаңа Конституция жобасын талқылау және қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен волонтерлік ұйымдардың өкілдері, өңірлік волонтерлік фронт-офистер мен бастамашыл топтар, сондай-ақ серіктестер офлайн және онлайн форматта қатысты, деп хабарлайды aqkolgazet.kz

Кездесу барысында волонтерлік сектордың жаңа Конституцияны талқылауға қатысуы, үкіметтік емес ұйымдардың халықты ақпараттандырудағы рөлі, қоғамдық диалогты дамыту және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ төрағасы Ким Вера Александровна Конституция жобасын әзірлеуге азаматтық қоғамның қатысуының маңызын және Конституциялық комиссия жұмысының ашықтығын атап өтті.

Оның айтуынша, жаңа конституциялық институт — Халық кеңесін енгізу қоғамдық қатысуды нығайтудағы маңызды қадам болмақ. «Бұл мемлекет пен қоғам стратегиялық даму бағыттарын бірлесіп талқылайтын модельге көшу. Қоғам тек талқылау құқығына ғана емес, заң шығару үдерісіне ресми түрде бастамалар енгізу мүмкіндігіне ие болады», — деп атап өтті ол.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Джумурбаев Тимур Габдулович жаңа Конституцияның Қазақстан жастары үшін ерекше маңызын атап өтті.

Ол сондай-ақ сындарлы патриотизм, адами капиталды дамыту, білім мен инновация қағидаттарын бекіту жастардың өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, ел дамуындағы рөлін күшейтетінін атап өтті.

Өз кезегінде «Медициналық жастар» РҚБ төрағасы, медицина саласының волонтері Әбдіраш Абылайхан Әбдікерімұлы Конституция жобасының әлеуметтік және медициналық аспектілеріне тоқталды.