Депутат Елнұр Бейсенбаев енді Президент Әкімшілігінде жұмыс істейді
Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі мәлімдеді.
Елнұр Сабыржанұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Мен, Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы, 1986 жылы 27 маусымда сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегімін. Саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі.
Еңбек жолын «Жастар үні» Жастар қоғамдық ұйымында маман ретінде бастап, кейіннен 2009 жылы төраға болып тағайындалдым. 2012-2015 жылдары тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан коммунистік халық партиясының Алматы қалалық филиалында идеология және насихат жөніндегі хатшы қызметтерін қоса атқарған.
2016 жылдан 2017 жылға дейін Алматы қаласы әкімдігінің жастар жобалары және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек еткен.
2017 жылдан 2018 жылға дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 5000-нан астам студент білім алып тұрған тұста, тәрбие жұмысы департаментінің директоры болып жұмыс атқарды.
2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін - Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2023 жылғы қаңтардан 2023 жылғы тамыз - "AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы.
2023 жылдың наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Сегізінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "AMANAT" партиясы Фракциясының жетекшісі. Еңбек қызметімде қол жеткізген нәтижелерім үшін "Құрмет" орденімен (2021 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.), «Халық алғысы» (2020 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021 ж.) медальдарымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың (2016 ж., 2020 ж.), Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың (2019 ж., 2020 ж.) алғыс хаттарымен марапатталған.
Төрт бала тәрбиелеп отыр.