Әлеумет

Әскери қызметті арман еткен ару

Динара Үйсімбаева – үй ішіндегі бес баланың ортаншысы. Ол жастайынан өте алғыр болып өскен. 2019 жылы жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбын бітірген соң, өз еркімен Тараз қаласындағы «Жамбыл политехникалық колледжіне оқуға түскен.

Дәл осы ортада кәсіптік білім беретін оқу орнын 2022 жылы «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Ал 2024 жылдың күзінде өзі өскен отбасының ортасында, әкесі мен шешесінің көз алдында Динара өзінің әскери қызметші болатындығын жеткізеді.

Ата-анасы мен отбасы мүшелерінен қолдау тапқан Динара Үйсімбаева егемен еліміздің Қарулы Күштерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты 44841 әскери бөліміне құжаттарын тапсырады. Өзін жақсы қырынан көрсете білген қазақтың қаршадай жас қызы тез арада әскери киім-кешектермен қамтамасыз етіліп, 44841 әскери бөліміндегі жеке құрам қатарының санын толықтырады.

 

 Есен ӨТЕУЛІ