Мал баққанға бітеді
«Медицина адамды емдесе, ветеринария адамзатты емдейді», – деген екен академик Иван Павлов. Бүгінгі күні бұл саланың тамырына қан жүгіріп, ветеринарияға тиісті көңіл бөліне бастады. Ауданның ветеринариялық бөлімінің басшысы Берік Қаратаевтың айтуынша, өткен жылы аудандық ветеринария бөлімі Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларына сәйкес эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, жұқпалы аурулардың алдын алу, мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздікті нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізген.