Саясат

Жаттықтырушылар жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастырады

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайының конференц-залында жаңа Конституция жобасына арналған ақпараттық-танымдық жиын өтті. Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов өңірдің жаттықтырушылар құрамына Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтырулар, олардың ел дамуына, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ықпалын жан-жақты түсіндірді.