Саясат

Жаңа диалог платформасы құрылды

Конституциялық реформаны түсіндіру бойынша облыс әкімі Ербол Қарашөкеев М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ұжымымен кездесті. Жиында жаңа Ата Заң жобасының мазмұны, негізі туралы кеңінен айтылды.

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев халыққа Жолдауында саяси жаңғырудың негізгі бағыттарын айқындап, парламенттік реформаларды іске асыру қажеттілігін атап өткен болатын. Қоғамда кеңінен талқыланып, азаматтар өз өтініштерін жолдап, ұсыныс-пікірлер түскен. Барлығы қарастырыла келе жарияланған жаңа Конституцияны түсіндіру мақсатында қазір көптеген ұжымдарда басқосулар өткізіліп жатыр.

Университет оқытушылары да ел ертеңі үшін маңызды құжаттың жаңа жобасына қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Оқытушылар студенттер арасында да түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, пікірлесулер ұйымдастырылып отырғанын жеткізді.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА