Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды
Исламабадта өткен салтанатты іс-шарада Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министрі Шахбаз Шариф Мемлекет басшысын Nishan-e-Pakistan орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі мәлімдеді.
Награда ел дамуына ерекше үлес қосқан Пәкістан азаматтарына және шетелдік мемлекет, саясат, сондай-ақ қоғам қайраткерлеріне беріледі.
Жиынға Пәкістанның Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Қарулы күштерінің жоғары басшылық құрамы және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысты.
Мемлекет басшысы өз сөзінде осы маңызды іс-шараны ұйымдастыруға бастамашы болғаны үшін Премьер-министр Шахбаз Шарифке алғыс айтты.