Қоғам

Басты мақсат – «Отағасымен ілесіп жүріп, үлкен сахнаға шығып кеттім» еңбеккерлердің мүддесін қорғау

«Жергілікті кәсіподақтың Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған «Өзгерістер дәуіріндегі әділ еңбек: қорғау, даму, инновация» атты стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы» күн тәртібімен Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының кезекті V Пленумы өтті. Жиынға облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бақтияр Қарауылов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұлова, пленум мүшелері, жұмыс беруші өкілдері мен Атқару комитетінің мүшелері қатысты.

Пленумда жоғары тұрған кәсіподақ органдарының шешімдерін жүзеге асыру және жарғылық міндеттерді ұтымды орындау аясындағы негізгі баяндаманы Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков жасады.

Сонымен бірге, жергілікті кәсіподақтың көрсеткіштеріне тоқталып, әлеуметтік әріптестік аясында кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтікқұқықтық мүдделерін қорғау, кәсіподаққа ынталандыру бағытында атқарылған ісшараларға тоқталды.

Өз сөзінде Ерұлан Мағзымбеков білім беру жүйесіндегі еңбек қатынастарына, ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалға тікелей әсер етуші бірер түйткілдерге де назар аударды.

Сондай-ақ алқалы жиында 2025 жылы барлық түрдегі сауықтыру шараларымен 4992 сала өкілі мен отбасы мүшесі қамтылып, оған кәсіподақ қаржысы есебінен жеңілдік ретінде қайтарымсыз бағытталған қаражат 307 миллион теңге құрағанын, оның ішінде 2255 адам шипажай жолдамасына ие болса, 2737 кәсіподақ мүшесі мен отбасы өкілдері түрлі нысандағы тарихи-танымдық сахаттар мен демалыстармен қамтылғаны айтылды. Басты әлеуметтік әріптес – білім басқармасымен бірлесе отырып жаңа оқу жылының басталуы мен Ұстаздар күні кәсіби мерекесінде оқу жылында табысты еңбек етіп, нәтижелі жұмыс көрсете білген үздік білім мекемелері мен білікті ұстаздарды ынталандыру мақсатында Тамыз кеңесінде және Мұғалімдер күні мерекесінде «Үздік инновациялық мектеп», «Үздік қала мектебі», «Үздік шағын жинақталған мектеп», «Үздік ауыл мектебі», «Үздік колледж» аталымдары бойынша жеңімпаз атанған білім беру ұйымдары мен бірқатар озық ойлы озат ұстаздарды марапаттауға 13 миллион теңге кәсіподақ қаржысы жұмсалған.

Жалпы осы тәжірибе енгізілген 2016-2025 жылдары 67 білім мекемесі мен ұйымы, 165 үздік ұстазға облыстық кәсіподақ қаржысынан 71.3 миллион иеңге ынталандыру сыйақысы табысталған. Пленумда Кәсіподақ ұйымының негізгі жұмыс көрсеткіші саналатын құқықтық қызмет жұмысының нәтижелерін кәсіподақтық Еңбек қатынастары Басты мақсат – «Отағасымен ілесіп жүріп, үлкен сахнаға шығып кеттім» еңбеккерлердің мүддесін қорғау құқықтық инспекция жетекшісі Әлия Жолшыбекова жариялады.

Қазақстан Республикасы еңбек заңдылығының орындалуын бақылау мақсатында 2025 жылы құқықтық қызметтің мамандарымен барлығы 563 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде еңбек заңдылығының талаптарын бұзудың 1708 жағдайы анықталған. Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша ұйым басшыларына оларды жою туралы жазбаша 526 ұсыныстар жіберіліп, жұмыс берушілерден алынған жауаптар саны – 417.

Негізгі баяндамадан кейін облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұлова мен Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы Зауре Абдирасилова әлеуметтік әріптестіктің рөлі, оның аясында шешілген мәселелер мен міндеттер туралы айтты. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Мұхтар Талқанбаев педагогтердің біліктілігін арттыру ережесіне байланысты ұсыныстарын жеткізді. Ал Тараз қаласындағы Амангелді атындағы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Жақыпов «Педагог мәрт ебесі туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін, ұстаздардың әлеуметтік тұрғыдан қорғалған, қоғамдағы ең мәртебелі мамандық иесі ретінде танылып, еңбегіне сай жоғары жалақы алуына бағытталған барлық бастамаларды қолдайтынын мәлімдеді.

Жарыссөзде көтерілген мәселелер мен ұсыныстар талқыланып, содан кейін пленум Қаулы қабылдады. Жиын соңы марапаттау рәсіміне ұласып, «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауында жеңімпаз атанған 3 ұстазға кәсіподақ ұйымы атынан шипажайға жолдама берілді. Сонымен бірге, бірқатар сала қызметкерлері ҚР кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен, Салалық кәсіподақтың «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан» үлесі үшін төсбелгісімен марапатталды. Жиын барысында Пленум мүшелері өздеріне берілген құқық бойынша орган құрамындағы кейбір өкілдерді кері шақырып, орнына өзге сала қызметкерлерін сайлады.

Жиын барысында талқыланып, ұсыныстар ескеріліп, облыстық ұйымның биылғы жылға арналған кіріс және шығын сметасы бекітілді.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ