Қоғам

Таразда қоныс колониясындағы сотталғандар заңды некесін қиды

36 жастағы алматылық азамат өз бақытын түзеу мекемесінің қабырғасында жолықтырам деп ойламаған. Бірақ тағдыр оған күтпеген сый жасады.

Дәлірек айтқанда, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінде жазасын өтеуші оңтүстік астаналық Д есімді ер адам сүйіктісімен некесін қидырды. Ол өзіне Түркістан облысы Төле би ауданының тумасын жар етіп алды. Осылайша жас жұбайлар Тараз қаласындағы АХАЖ бөліміне барып, өз некелерін тіркеді. Енді қос ғашық еркін өмірге шыққан соң, Алматыдағы күйеу жігіттің отбасына баруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, аталған ер адам сот шешімі негізінде Қылмыстық Кодекстің 188-бабының 3-бөлігі, 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған. Ал оның сүйіктісі Н есімді келіншек те дәл осы бап бойынша сотты болған.