Қазақстандық май өндірушілер Эстонияға 5 млн доллар көлемінде өнім жеткізеді
2026 жылғы Gulfood халықаралық азық-түлік және сусындар көрмесі аясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Майлы дақылдар өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы мен эстондық Aktsiaselts Letofin компаниясы арасындағы ынтымақтастық меморандумыға қол қойылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Құжат Қазақстанның май өнімдерін кемінде 5 млн АҚШ доллары көлемінде сатып алуды көздейді, бұл Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуда маңызды қадам болады.Майлы дақылдар өңдеушілердің ұлттық қауымдастығының президенті Ядыкар Ибраһимовтың айтуынша, отандық май өнімдері Еуропа нарығында сенімді түрде ұсынылған.
Қауымдастық басшысы сонымен қатар Парсы шығанағы елдерінің Қазақстан өнімдеріне, әсіресе премиум деңгейдегі бөтелкеленген күнбағыс майына жоғары қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, 2026 жылы бірнеше май зауыты өнімді тазалау және қаптау бойынша жаңа желілерді іске қосуды жоспарлап отыр, бұл экспортқа бағытталған брендтерді жасауға және қосымша нарықтық сегменттерді игеруге мүмкіндік береді.