Қаңғыбас иттерді атуға болмайды... Неге?
Қыс па, жаз ба, қай мезгіл болса да Таразда иесіз қаңғырған иттер үйірімен қаптап жүр. Таңертең серуендеуге саябаққа шықсаң саябақта, мектеп маңында үйірімен жүрген иттер көп. Бірде таңда сабаққа шыққан бастауыш сыныпта оқитын ұлым сабаққа бармастан қайтып келіпті. Үсті кір қожалақ. Күрткесі жыртылған. Сөйтсем алдынан үлкен ит шыққан. Бұл қорыққаннан ағашқа өрмелеген. Енді жан тәтті ғой. Абырой болғанда үсті солай жыртылыпты. Қорқып қалған баланы сабаққа жібермедім.
Қай ана баласы жылап келіп тұрса сабыр сақтайды. Сонымен мен ит аулағыш бригадаға хабарластым. Иттерді атуға арыз жаздым. Аулаған да болар. Бірақ осы жағдай мақаланы жазуға себеп болды. Енді «Осы иесіз иттер қайдан пайда болды? Неге қаптап кетті?» деген сұраққа жауап іздейік. Қаңғыбас ит көше кезіп тіршілігін жасайды емес пе? Тамақ ұрлап жейді. Малдың, аңның өлексесін жейді және олар көбейеді.
Тараз қаласы бүгінде екі ауданға бөлінгендіктен, әр ауданның тиісті ветеринария бөлімі бар.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА