Саясат

Президенттің жаңа Баспасөз хатшысы әрі Кеңесшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ол 1983 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы, 2004 ж.)

Мансап
2005 ж. – «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ Административтік департаментінің маманы

2006-2008 жж. – ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің маманы

2008-2010 жж. – ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташе, үшінші хатшысы

2010-2012 жж. – Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде үшінші хатшы

2012-2013 жж. – ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің сарапшысы

2013-2014 жж. – ҚР СІМ Сыртқы саяси сараптау мен болжамдау комитетінің бірінші хатшысы

2014-2018 жж. – Вьетнамдағы ҚР Елшілігінде екінші, бірінші хатшысы

2018-2019 жж. – ҚР СІМ Баспасөз қызметінің басшысы

2019-2023 жж. – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Баспасөз хатшысы

2023-2025 жж. – ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры – Ресми өкілі

2025 жылдың наурыз айынан бастап – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің Төрағасы – Ресми өкілі және жыл соңында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Дипломатиялық дәрежесі: IІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл

Марапаттары:

Медальдар: «Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметіне 25 жыл» (2017), «Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметіне 30 жыл» (2022), «Халық алғысы» (2021), «Шапағат» (2022);

Төсбелгілер: «Ақпараттық жұмыстың үздігі» (2022), «Жылдың үздік баспасөз хатшысы» (2019), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы үздік баспасөз қызметі» (2022), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы үздік баспасөз қызметі» (2023)