Туындысы патшайымға тұмар болған
Қанмен дарып, атадан балаға мирас еткен ұсталық өнерді жастайынан танып өскен ол ең алғашқы бұйымдары ретінде қарапайым алюминийден сақиналар жасап үйренсе, кейіннен ең танымал туындыларын патша әулетінің өкілдері тағатын әйгілі шеберге айналды. Ол Иордания патшайымы Рания әл-Абдулла таққан бойтұмардың авторы белгілі зергер, коллекционер, халықаралық Карл Фаберже орденінің иегері Берік Әлібай. Жастайынан темірден түйін түйіп өскен жамбылдық қолөнерші бүгінде Астанада жеке үйінен музей жасап, халқымыздың құнды этнографиялық жәдігерлерін көздің қарашығындай сақтауды мақсатқа айналдырған.