Қоғам

Енді қазақстандық балалар шетелде 50 пайыз жеңілдікпен ем алады

Бұл туралы бүгінгі өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

 

Оның айтуынша соңғы үш жылда шетелге туыс емес донордан бағаналы жасушаларды трансплантациялауға балаларды жіберу 3 есеге, ал кардиохирургиялық емге жолдау 5,2 есеге қысқарды. Жыл сайын 2 мыңнан астам балаға кардиохирургиялық операциялар жасалып, жүрек ақаулары дер кезінде түзетілуде. Биыл протондық, йодтерапия және тамырлы ақауларды емдеу толық қолжетімді болады.