Құқық

"Қамқоршымнан қорлық көрдім" деген Құндыз бен Назгүлдің ендігі тағдыры не болмақ?

Күне кеше әлеуметтік желіде туған аға-жеңгесінің үйінде 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілердің бірінің қол-аяғы, аузы скотчпен маталған суреті тарады. Аталған жәйт қазақстандықтарды бей-жай қалдырмай, қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Дәл осы инцидентті өз көзімен көрмекке арнайы Таразға келген белгілі тележурналист Руслан Өтепбай тағдырдан теперіш көрген қос қыздан сұхбат алды. Instagaram желісінде жарияланған бейнежазбада Құндыздың бұл іс-әрекетке өзінің қамқоршысы барғандығы айтылады. 

Аталған фактіге қатысты жергілікті полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.