Жаңалықтар

Өмірден өтсе де, көңілден өшпейді

Өмірден өтсе де, көңілден өшпейді

Бүгін біз жүрегімізде мәңгі сақталатын аяулы жан-әпкеміз Сағымкүл Жүмәлиқызын еске алып отырмыз. Сағымкүл әкпеміздің өмірден озғанына 12 жыл өтіпті. Иә зымыраған қанша уақыт артта қалса да сағыныш жүректен кетпейді. Ол біз үшін тек әпке ғана емес, қамқорлықтың, мейірімнің, сабыр мен парасаттың үлгісі болды. Оның жылы сөзі, ақыл кеңесі, жанашыр күлкісі әрқайсымыздың жадымызда.Әпкеміз қиын сәтте демеу бола білді, қуанышта шын жүректен қуанды. Отбасы үшін тірек, жақындары үшін сенім еді. Айналасына мейірім шуағын төге білген қамқор жан еді. Ұл-қыздарының аяулы анасы, немерелерінің мейірімді әжесі еді.

Аяулы әпкеміз Сағымкүл өмірден өтсе де, көңілден ешқашан өшпейді. Артында өшпес өнеге, сағыныш пен ізгі естелік қалдырды. Ол қалдырған із, жасаған жақсылығы, айтқан ақылы, көрсеткен сүйіспеншілігі – біздің жадымызда. Жаны жәнатта, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Алладан рақым, Пайғамбардан шапағат нәсіп етсін әпкеміз Сағымкүлге.

Біз оны сағынышпен еске алып, жақсы істерін жалғастырып, есімін құрметпен жадымызда мәңгі сақтаймыз.

 

Еске алушы: Әуесхан ӘСКЕРБЕКҰЛЫ інісі