Жаңалықтар

Жаттығуға келіп, ауруханаға түскен спортшылардың жағдайы қалай?

Меркі ауданындағы «Тұран» демалыс аймағына жаттығу жасауға келген қызылордалық спортшылар ауруханаға түскені туралы ақпарат елді елең еткізді. Екі-үш күн бұрын орын алған жағдайға алаңдаған жұртшылық жас спортшылардың тамақтан уланғанын естіп, нақты ақпаратты білуге асықты. Әрине, басқа өңірге дайындық үшін балаларын жіберген ата-аналар да мұндайда сары уайымға түсері анық. Ал анығында не жағдай болды?

Облыс әкімдігі таратқан мәлімет бойынша 21 қаңтар күні сағат 22:40 шамасында Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына «Тұран» демалыс аймағынан 12–17 жас аралығындағы 22 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілген. Олар Қызылорда облысынан Меркіге күрес түрінен оқужаттығу жиынына келіпті. Ал 22 баланың біреуі аяқ жарақаты бойынша жүгінген екен. Қазір олардың жағдайы қандай? Біз бұл туралы облыстық СЭБ департаментінің басшысымен сөйлескен едік.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес осы жағдай орын алған жерге облыс әкімінің орынбасарлары Айжан Есмағамбетова мен Серік Сәлемов барып, жедел штаб отырысын өткізіпті. Ауруханаға жүгінген 22 баланың 21-і емдік шараларды қабылдап, медициналық бақылауға алынып, ауруханадан шығарылған. Ал, аяқ жарақатымен түскен 1 жасөспірім аудандық аурухананың хирургиялық бөлімше сіне жатқызылған.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА