Конституция преамбуласын жаңарту тек редакциялық түзету емес – Үнзила Шапақ
Конституциялық реформаның аясында Ата Заңның преамбуласын жаңғырту, оның мазмұнын заман талабына сай қайта өзектендіру мәселесін Парламент Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ көтерді. Бұл ұсынысын ол Конституциялық комиссияның отырысында білдіріп, өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Депутаттың пікірінше, Конституция преамбуласын жаңарту тек редакциялық түзету емес. Мұндай өзгеріс – ұлттық мемлекеттілікті нығайтатын, елдің идеялық бағдарын айқындайтын маңызды қадам.
Конституцияның преамбуласы – Негізгі Заңның идеялық әрі моральдық іргетасы, сондай-ақ Конституцияны қабылдаудағы түпкі мақсаттарды айқындайды, елдің тарихи-мәдени болмысын, ұлттық келбетін танытады. Осы орайда Үнзила Шапақ өзгерістерге қатысты өз пікірі мен ойын айтты.
Сондай-ақ Үнзила Шапақтың айтуынша, «Әділетті Қазақстан» идеясы мен оның өзегі саналатын «Заң мен тәртіп» қағидатын преамбула деңгейінде бекіту мемлекет пен қоғам дамуының жаңа философиясын айқындайды.
