Президент қысқы Олимпиада мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелерін қабылдады
Президент Қысқы Олимпиада мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада мен XIV Қысқы Паралимпиаданы айрықша маңызды оқиға деп атады.
Мемлекет басшысы төрт жылда бір өтетін байрақты бәсекеге қазақстандық спортшылар тыңғылықты дайындалғанына тоқталып, Қысқы Олимпиада және Паралимпиадаға шын мықтылар күш сынасатынын айтты.