Жайылымдық жер тапшылығы биыл шешіледі – Азат Сұлтанов
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Жер ресурсын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі республикалық комиссияның биылғы бірінші отырысын өткізді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Отырыста ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов хабарлағандай, мемлекет меншігіне 2,1 млн гектар пайдаланылмаған және заң бұза отырып берілген жерлер қайтарылды. 2026 жылы тағы да 1 млн гектар жерді қайтару жоспарланып отыр.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қайта бөлінген жерлердің жалпы ауданы 8,5 млн гектар болды, оның ішінде:
- 2,8 млн гектар жер мал жаю үшін халықтың жалпы пайдалануына берілді;
- 5,7 млн гектар жер ауыл шаруашылығы өндірісінің субъектілеріне конкурстық негізде берілді.
Елімізде барлығы 198 аудан бар. Алайда 2026 жылдың басында тек 157 жоспар бекітілген. Бұл даладағы жайылымдық жерді басқарудың тиімділігін төмендетеді.
Мұндағы жұмысты жеделдету қажеттігі Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асырумен байланысты күшейіп, ол құжатта суландыру арқылы жаңа жайылымдық жерлерді айдалануға беру көзделген.
Пилоттық жоба ретінде үш аудан анықталды. Онда жайылымды басқару жоспары бекітіліп, геоботаникалық зерттеулер жүргізілді. Олардың барлығында да қалпына келтіруді қажет ететін деградацияға ұшыраған жайылымдық жердердің едәуір үлкен алқаптары анықталды.
Облыс әкімдіктеріне алдағы айларда қалған жоспарларды бекітуді аяқтау, шалғайдағы жайылымдарды суландыруды, инфрақұрылымды дамытуды басым бағыт ретінде қаржыландыру және айналымға жаңа учаскелерді қосуды жеделдету тапсырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Жер ресурстарын басқару комитетіне 2026 жылы 3,5 млн гектар жайылым тапшылығы мәселесін шешуді, олардың мақсатты бекітілуін қамтамасыз етуді және тозған жерді қайта егуді бастауды тапсырды.
Отырыс қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Жер ресурстарын басқару комитетіне 2026 жылы 3,5 млн гектар жайылым тапшылығы мәселесін шешуді, олардың мақсатты бекітілуін қамтамасыз етуді және тозған жерді қайта егуді бастауды тапсырды.
